АУДАН БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЕГУМЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ВАКЦИНАМЕН РЕТТЕЛЕТІН ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АУДАН БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЕГУМЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ВАКЦИНАМЕН РЕТТЕЛЕТІН ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

✔️Бүгін аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияздың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.
✔️Жиынға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен емдеу-профилактикалық мекемелердің мамандары қатысты.
✔️Күн тәртібінде аудан бойынша медициналық ұйымдардағы профилактикалық егу жұмыстарының орындалуына талдау жасалып, вакцинамен реттелетін жұқпалы ауруларды алдын алу, олардың халық арасындағы таралу қауіпі, сондай-ақ туберкулез ауруының алдын алу және әлеуметтік жағдайы төмен науқастарға қолдау көрсету мәселелері қаралды.
✔️Жиын барысында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы мен бас маманы баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелерге тоқталды.
✔️Отырысты қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары ағымдағы жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша аудандағы туберкулез ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуалға жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар ауруды ерте анықтау, дер кезінде оқшаулау және тиімді ем жүргізу жұмыстарын күшейту, асқынуына жол бермеу қажеттігін атап өтті.
✔️Осы ретте, жоспарланған жылдық көрсеткіштерге сәйкес қауіпті топтағы азаматтарды толық флюорографиялық тексеруден өткізу, жергілікті емдеу мекемелерімен бірлесіп жүйелі талдау жүргізу, аурудың алдын алу бағытындағы ақпараттық жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрақты жариялау тапсырылды.
✔️Сондай-ақ вакцинацияның маңыздылығы мен тиімділігі туралы санитариялық-ағарту жұмыстарын жандандыру, медицина қызметкерлерінің өзара үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету міндеттелді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі