АУДАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ҚАРҚЫНЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

АУДАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ҚАРҚЫНЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлеміне қатысты арнайы жиын өтті.

Басқосуға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылығы мен мамандары, ветеринариялық қызмет өкілдері және ауыл округ әкімдері қатысты.

Жиын барысында аудандық ауыл шаруашылығы бөлім басшысының орынбасары 2026 жылдың І тоқсаны бойынша өндірілген ет көлеміне тоқталып, көрсеткіштердің ауыл округтері бөлінісіндегі орындалу деңгейін баяндады. Сондай-ақ, мал басының тіркелуі мен жоспардың ақпараттық жүйелерде (ИСЖ) белгіленуі бойынша атқарылған жұмыстар жан-жақты сараланды.
Аудан басшысы бірқатар ауыл округтерінде жоспар көрсеткіштерінің орындалмағанын атап өтіп, ветеринариялық қызмет пен ауыл шаруашылығы бөлімі арасындағы өзара байланыстың жоқтығын сынға алды.

Жиын қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар айқындалды. Статистикалық көрсеткіштерді арттыру және жоспарлы межелерге қол жеткізу бағытындағы жұмыстарды жеделдету қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар, анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоюға ерекше назар аудару тапсырылып, бұл мәселелердің жеке бақылауда болатыны жеткізілді.
Салғырт қараған жауапты тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолданылатыны ескертілді.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі