АУДАНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

АУДАНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Ауданымызда ветеринариялық-профилактикалық шаралар аясында дезинфекция және залалсыздандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Бүгінгі күнге дейін қора-жайлар мен жапсарлас аумақтардың 150 мыңнан астам шаршы метрі, сондай-ақ мал иірімдері, суаттар мен бұталы алқаптардың 599 мыңнан астам шаршы метрі өңделді.
Қазіргі таңда жұмыстар Бөржар, Қараспан және Шұбарсу ауыл округтерінде жалғасуда. Барлық елді мекендерде қора-жайларды залалсыздандыру, малдарды өңдеу шаралары қатар жүргізілуде.
Аталған жұмыстар жұқпалы аурулардың алдын алуға және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі