
✔️Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.
Мәжілістің күн тәртібіндегі негізгі мәселе – аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету барысы болды.
✔️Аталған мәселе бойынша «Таза су» мекемесінің директоры Қылышбек Әбішев баяндама жасап, саладағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды. Ол өз сөзінде елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту бағытында жүргізіліп жатқан инфрақұрылымдық жобалар, су көздерін жаңғырту және жүйелерді ретке келтіру шаралары жөнінде баяндады.
✔️Жиын барысында аудан әкімі ауыз су мәселесінің маңыздылығына ерекше тоқталып, елді мекендерді толық қамту, сапа мен тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындар тарапынан түсетін арыз-шағымдарды дер кезінде шешу қажеттігін атап өтті.
✔️Сонымен қатар, қосымша мәселелер де кеңінен қаралды. Атап айтқанда, «Таза Қазақстан» акциясының орындалуы, қоғамдық-саяси ахуал, көктемгі әскерге шақыру науқанына дайындық барысы, мемлекеттік мекемелердің өрт қауіпсіздігі, индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы және берілген тапсырмалардың жүзеге асырылу деңгейі талқыланды.
✔️Жиын қорытындысында барлық жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеліп, олардың орындалуы қатаң бақылауға алынатыны ескертілді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі