
Бүгін аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі өтті.
Мәжілісті аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз жүргізді.
Жиында аудан көлеміндегі құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мобильді топтар құру, қылмыстық оқиғалар жиі тіркелетін елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жолдардың жай-күйін жақсарту, қажетті жол белгілерін орнату мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытында мобильді топтардың жұмысын жандандыру, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалу жағдайларының алдын алу мақсатында әлеуметтік зерттеулер жүргізу, қолайсыз отбасыларды нақтылау, білім беру мекемелерін білікті психологтармен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.
Мәжіліс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар енгізіліп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі