ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Қонарбаев Жасұлан Жаңабайұлы Ордабасы ауданының прокуроры қызметіне тағайындалды.

Жасұлан Жаңабайұлы 1981 жылы дүниеге келген. Жоғары заңгерлік білімі бар.
Еңбек жолын прокуратура органдарында 2004 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық прокуратурасында бастаған. Әр жылдары прокуратура жүйесінде түрлі жауапты қызметтер атқарып, атап айтқанда Бас прокуратурада, Тараз және Алматы қалаларында, Түркістан облысы прокуратурасында прокурор, аға прокурор, басқарма бастығы, аудан прокурорының орынбасары лауазымдарын атқарған.
Сондай-ақ, Ұлытау облысы Жезқазған қаласының прокуроры қызметін абыроймен атқарған.
Жасұлан Жаңабайұлының құқық қорғау саласындағы тәжірибесі мол, кәсіби білікті қызметкер ретінде танылған.
Жаңа қызметіне табыс, жауапты жұмысына сәттілік тілейміз!
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі