МАУСЫМДЫҚ КӨРІКТЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

МАУСЫМДЫҚ КӨРІКТЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Аудан орталығында көктемгі-маусымдық көріктендіру жұмыстары басталды.

Қыс мезгілінен кейін аудан аумағындағы инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіру және жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, орындықтар, қоқыс жәшіктері, баспалдақтар, жарықтандыру бағандары мен өзге де қоғамдық мүліктер ретке келтіріліп, жаңартылуда.

Көріктендіру шаралары көшелерде, саябақтар мен аллеяларда кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр.

Негізгі мақсат — аудан орталығының келбетін жақсарту, тұрғындар үшін қолайлы әрі таза қоғамдық орта қалыптастыру.
Жұмыстар күн сайын жалғасып, алдағы уақытта да жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Бүгінде аудан тұрғындары мен қонақтары жаңартылған аллеялар мен ойын алаңдарының көктемгі-жазғы маусымға дайындалып жатқанын айқын байқай алады.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі