«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА БАЗАР АУМАҒЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА БАЗАР АУМАҒЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы құзырлы органдар өкілдерімен бірге аудан орталығындағы базар аумағын аралап шықты. Іс-шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылып, негізгі мақсат – тазалық пен тәртіпке деген жауапкершілікті күшейту.

Аралау барысында кәсіпкерлермен және сатушылармен тілдесіп, санитарлық тазалық талаптарын сақтау, сауда орындарының айналасын таза ұстау, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді. Бұл – тек талап емес, ең алдымен әрбір тұрғынның денсаулығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды мәселе екені атап өтілді.

Базар – халық көп шоғырланатын орын. Сондықтан мұнда тазалық пен тәртіптің сақталуы баршаға ортақ міндет. Осы ретте кәсіпкерлерге ескерту беріліп қана қоймай, талаптарды орындау – әркімнің азаматтық жауапкершілігі екені жеткізілді.

Аудан әкімдігі тарапынан тазалық мәселесі тұрақты бақылауда болады. Тұрғындар мен кәсіпкерлерді ортақ ортамызды таза ұстауға және қоғамдық мәдениетті сақтауға шақырамыз.

Тазалық –мәдениеттің көрінісі. Ортақ орнымызды бірге таза ұстайық!

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі