
📌Ордабасы ауданы білім бөліміне қарасты Өнер мектебінде «Отбасы құндылықтары» және «Қазақ тілі – ұлттық рухтың негізі» тақырыптарында қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазиевамен тағылымды кездесу өтті.
📌Іс-шараның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Тұрнияз Илияс Еркінұлы спикерді таныстырып, ауданның әлеуметтік-мәдени даму бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталды.
📌Кездесудің негізгі спикері Оразкүл Асанғазиева «Отбасы құндылықтары» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға тағылымды ойлар мен ақыл-кеңестерін ұсынды.
💬 Іс-шара барысында спикер өзінің «Отбасы берекесі» және «Қайсарлық пен қайраткерлік» атты кітаптарын қонақтарға тарту етті. Кездесу аясында отбасы институтын нығайту, ұлттық тәрбие мен ұрпақ сабақтастығы мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, жастар арасында қазақ тілін насихаттау және елжандылық рухты қалыптастыру бағытындағы маңызды ойлар айтылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасу өтті.
📌Сондай-ақ, кездесу барысында аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Әбішев Ердос Бекенұлы білім саласында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
📌 Мұндай мазмұнды кездесулер өскелең ұрпақтың тәрбиесіне оң ықпал етіп, қоғамдағы отбасы құндылықтарын дәріптеуге зор үлес қосады.