Ордабасы ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Ауқымды шара ауданның барлық 10 ауылдық округінде бір мезетте жүргізіліп, көшелер мен қоғамдық орындар, саябақтар мен арық-атыздар қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері отырғызылып, көше жарық шамдары ауыстырылып, бұрын егілген ағаштардың түптері әктелді.
Жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы техника көмегімен белгіленген қоқыс полигондарына жеткізіліп, тиісті талаптарға сай залалсыздандырылды.
Сенбілікке мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ерікті жастар, қоғамдық ұйымдар өкілдері және аудан тұрғындары белсенді қатысты.
Мұндай бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі