
Ордабасы ауданы әкімдігі тарапынан “Таза Қазақстан” аясында 2026 жылға арналған республикалық ауқымдағы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүйелі түрде іске асырылуда.
Аталған жоспар қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және тұрақты тазалықты қалыптастыру мақсаттарына бағытталған.
Бүгін Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан “Таза Қазақстан” акциясы аясында Қажымұқан атындағы мұражай аумағында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, зиялы қауым өкілдері, мекеме қызметкерлері мен мұражай ұжымы қатысты.
Тазалық шарасында аталған аумақтың шөптері орылып, ағаштар суғарылып, жаңа шырша көшеттері отырғызылды.
Айта кетейік, аудан көлемінде “Таза Қазақстан” акциясы аясындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі