КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындардың өтініштері негізінен әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді қамтыды.

Атап айтқанда, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жайылым жер мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, мәдениет саласына қатысты ұсыныстар да болды.

Қабылдау барысында әрбір өтініш бойынша мәселені шешу тиісті сала басшыларына бекітіліп, нақты жауаптылар айқындалды. Көтерілген мәселелер жан-жақты қаралып, заң аясында шешу жолдары ұсынылды.

Аудан әкімі тұрғындарға барлық өтініштердің қаралуы бақылауға алып, олардың орындалуын жүйелі түрде қадағалайтынын жеткізді.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі