ОРДАБАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

ОРДАБАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

♻️Бүгін Шұбар ауылдық округіндегі қасиетті Көзді ата бұлағында аудан әкімі Азат Оралбаевтың бастамасымен сенбілік өтті. Оған ауыл ардагерлері, зиялы қауым, тұрғындар мен бөлім басшылары қатысып, бұлақ көзін ашып, айналасын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, абаттандыру мекемесінің қызметкерлері де атсалысып, аумақты ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

♻️Жалпы, аудан аумағында «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясы аясында шамамен 20-ға жуық бұлақ көзінде осындай тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылып, 500-ге жуық адам жұмылдырылды.

♻️Республикалық «Мөлдір бұлақ» акциясы аясындағы бұл сенбілік – табиғатқа деген жанашырлықтың айқын көрінісі. Тазаланған бұлақ маңын алдағы уақытта көріктендіріп, халық игілігіне қызмет ететін орынға айналдыру көзделуде.

Табиғатты қорғау – ортақ міндет.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі