ШҰБАРСУ ЕЛДІ МЕКЕНІН ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

ШҰБАРСУ ЕЛДІ МЕКЕНІН ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

✔️Аудан әкімі Азат Оралбаев Шұбарсу елді мекенінде жүргізіліп жатқан табиғи газбен қамту жұмыстарының барысын арнайы барып көріп, құрылыс сапасы мен мерзімін қадағалады.

✔️Қазіргі таңда Шұбарсу елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатындағы ішкі желі құрылысының бірнеше кезеңі қатар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, бірінші кезең аясында 82,8 шақырым газ құбыры тартылып, жүйенің сапасын тексеру үшін сығымдау жұмыстары жүргізілуде. Бұл кезең толық аяқталған кезде 3904 абонент табиғи газға қол жеткізбек.

✔️Ал үшінші кезең бойынша төмен қысымды темір болат газ құбырларын тарту жұмыстары қарқынды жалғасуда. Сонымен бірге, 20 дана газ реттеу пункттері (ГРПШ) орнатылып, орта қысымды газ желілерінде де сығымдау жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 3246 абонент көгілдір отын игілігін көретін болады.

✔️Төртінші кезеңде де құрылыс жұмыстары жүйелі түрде атқарылып жатыр. Бұл бағытта төмен қысымды газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізіліп, 4790 абонентті табиғи газбен қамту жоспарланған.

✔️Аудан әкімі құрылыс алаңдарын аралау барысында жауапты мердігерлерге жұмыстың сапасына ерекше мән беруді, белгіленген мерзімнен кешіктірмеуді тапсырды. Сонымен қатар, әрбір тұрғынның қауіпсіздігі мен қолайлылығы басты назарда болуы керектігін айтты.

✔️Бұл жобаның жүзеге асуы – Шұбарсу халқы үшін үлкен қуаныш. Табиғи газ – тек тұрмыстық қажеттілік емес, ол – жайлы өмірдің, экологиялық тазалықтың және өркениетті инфрақұрылымның белгісі.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі