ЖАҢАРУ КҮНІНЕ ОРАЙ АУДАН КӨЛЕМІНДЕ 2000 КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ЖАҢАРУ КҮНІНЕ ОРАЙ АУДАН КӨЛЕМІНДЕ 2000 КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Бүгін аудан көлемінде Наурызнама онкүндігі аясында «Тазару, жаңару күніне» орай кең ауқымды «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ел бірлігінің, ортақ жауапкершіліктің көрінісіне айналды. Табиғатты аялау, туған жерді көркейту мақсатындағы бұл игі шараға аудан тұрғындары, жастар, еріктілер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен кәсіпкерлер белсене атсалысты.

Акция барысында елді мекендерде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, көшелер мен аулалар ретке келтірілді, саябақтар мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылды. Әсіресе, Темірлан ауылында өткен шараның ауқымы ерекше болды. Мұнда 500-ден астам түрлі ағаш көшеттері отырғызылып, ауыл келбетіне жаңа тыныс, жасыл әр берілді.

Ортақ іске жұмылған жұрттың бірлігі мен ынтымағының арқасында ауданымыз күн санап көркейіп, ажарлана түсуде. Мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, туған жеріміздің гүлденуіне серпін берері анық.

Тазалық – тек сенбілікпен шектелмейтін, әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Сонда ғана біз шын мәнінде таза да көрікті, жасыл әрі жайлы орта қалыптастыра аламыз.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі