
Баршаңызды күллі мұсылман жұрты асыға күткен, берекесі мен шапағаты мол қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ораза айт – тек бір айлық оразаның қорытындысы ғана емес, ол – адам баласының рухани кемелденуінің, сабыр мен шүкірдің, мейірім мен кешірімнің мерекесі. Қасиетті Рамазан айында әрбір жан нәпсісін тыйып, жүрегін тазартып, жақсылық жасауға ұмтылды. Мұқтажға қол ұшын созып, үлкенге құрметі, кішіге ізетті артты.
Осындай ізгі амалдардың жалғасы ретінде келетін Ораза айт – бірлігімізді бекемдеп, бауырмалдығымызды арттыра түседі. Бұл – ұлтты ұйыстыратын, қоғамды ізгілікке бастайтын ерекше рухани құндылық. Сондықтан да Ораза айттың мәні – тек қуанышта емес, ол – жүректерді жақындастырып, жан дүниені жаңғыртатын терең мазмұнда жатыр.
Осы жарқын мереке әр шаңыраққа шаттық пен жылулық сыйласын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге береке тілеймін. Әрбір үйдің төрінен қуаныш кетпей, дастархандарыңыз молшылыққа толсын.
Елімізде тыныштық пен тұрақтылық салтанат құрып, бірлігіміз нығая берсін! Әрбір игі бастамамыз баянды болғай!
Ізгі тілекпен,
Аудан әкімі
Азат ОРАЛБАЕВ.