
Ордабасы ауданында бұқаралық спортты дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның нәтижесінде жас спортшылардың жетістіктері артып, аудан спорты жаңа белестерді бағындыруда.
Осы орайда аудан аумағында жұмыс істейтін «Шың» дзюдо орталығында 2025 жылғы спорттық маусым қорытындыланып, жыл ішінде қол жеткізілген нәтижелер сараланды.
Жыл бойы түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысқан орталықтың жас дзюдошылары облыстық, республикалық және халықаралық турнирлерде аудан намысын абыроймен қорғап, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.
Атап айтқанда, 2025 жылы орталық спортшылары:
🤼♀️облыстық турнирлерде 34 алтын, 30 күміс, 44 қола,
🤼республикалық турнирлерде 9 алтын, 6 күміс, 19 қола медаль иеленді.
Сонымен қатар халықаралық жарыстарда 5 қола, Азия кубогында 1 қола медаль жеңіп алды.
Облыс чемпионатында дзюдошылар 3 алтын, 5 күміс, 9 қола жүлдеге қол жеткізсе, Қазақстан чемпионатында 2 қола медаль иеленіп, аудан намысын лайықты қорғады.
Жалпы алғанда, бір жыл ішінде орталық спортшылары 167 жүлде жеңіп алып, аудан спортының абыройын асқақтатты. Бұл – жас спортшылардың табанды еңбегі мен бапкерлердің жүйелі жұмысының нақты нәтижесі.
Айта кету керек, Ордабасы ауданында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Соның нәтижесінде жас спортшылар жыл сайын жоғары нәтижелер көрсетіп, халықаралық деңгейдегі жарыстарда ауданның абыройын асқақтатуда.
Жас спортшыларға бағыт-бағдар беріп жүрген бапкерлердің еңбегі ерекше аталып, спортшыларға қолдау білдіріп жүрген ата-аналар мен жанашыр азаматтарға алғыс білдіреміз.
Ордабасы дзюдошылары алдағы уақытта да толағай табыстарға қол жеткізіп, еліміздің көк туын халықаралық ареналарда желбіретеді деген сенім мол.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі