АУДАНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ҚОРЫ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

АУДАНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ҚОРЫ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

Табиғатты қорғау мен елді мекендерді көгалдандыру – өңірдің экологиялық ахуалын жақсартып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі. Осы бағытта Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тұқымбақтарында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Мекеменің тұқымбақтарында ағаш-бұта көшеттерін өсіру, қаламша дайындау, тұқым жинау және өңірлерді көшетпен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

Қазіргі таңда 2026 жылға жоспарға сәйкес ағаш-бұта қаламшаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша 2026 410 мың дана қаламша дайындау көзделіп, бүгінгі күнге 305 мың дана орындалған. Оның ішінде роза, шынар, терек, легустра және тал ағаштарының қаламшалары дайындалды.

Сонымен қатар мекеме өңірлерді көгалдандыру мақсатында облыс аумағындағы аудандар мен мекемелерге көшеттер беріп келеді. 2020–2026 жылдар аралығында барлығы 1 662 722 дана көшет аудандарға және «Жасыл аймақ» КММ-не таратылған. Оның ішінде «Жасыл аймақ» мекемесіне 1 186 696 дана, «Жасыл Түркістан» мекемесіне 125 430 дана көшет берілген. Сондай-ақ Сайрам, Ордабасы, Түлкібас, Жетісай, Отырар, Мақтаарал, Бәйдібек, Төлеби, Созақ аудандары мен Арыс қаласына да көшеттер жеткізіліп, өңірлерді көгалдандыру жұмыстарына үлес қосты.

Мекеменің тұқымбақтарында қазіргі таңда 851 472 түп көшет өсірілуде. Оның ішінде қылқан жапырақты ағаштар – 48 962 түп, бұталар – 19 584 түп, ал жұмсақ жапырақты ағаштар – 782 926 түпті құрайды. Тұқымбақтарда жалпы 27 түрлі ағаш-бұта өсімдіктері өсірілуде. Олардың қатарында емен, терек, үйеңкі, шаған, қарағаш, айлант, тұт, алша, бадамша, катальпа, акация, спиральды тал, сондай-ақ самшит, альбиция, сириялық роза, легустра және басқа да өсімдіктер бар.

Тұқымбақтар үш аумақта орналасқан. Темірлан ауылындағы тұрақты тұқымбақта 179 814 түп көшет өсірілсе, Бөген уақытша тұқымбағында 543 260 түп, Бөржар тұқымбағында 128 398 түп көшет өсірілуде. Жалпы көшеттердің ішінде 822 929 дана сеппе көшет, 28 543 дана тікпе көшет және 68 207 дана стандартты көшет бар.

Сонымен қатар мекеме 2026 жылы ағаш-бұта өсімдіктерінің тұқымын жинау жұмыстарын да жоспарлаған. Жоспарға сәйкес жыл бойы қарағаш, үйеңкі, шаған, айлант, катальпа, алша, тұт, арша және басқа да өсімдіктерден 2400 килограмм тұқым жинау көзделіп отыр.

Жүргізіліп жатқан бұл жұмыстар өңірдің жасыл қорын көбейтіп, елді мекендерді көгалдандыруға және табиғи тепе-теңдікті сақтауға бағытталған. Ордабасы ауданында табиғатты қорғау және жасыл аймақтарды кеңейту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі