ОРДАБАСЫ БОКСШЫЛАРЫ АУДАН НАМЫСЫН АБЫРОЙМЕН ҚОРҒАДЫ

ОРДАБАСЫ БОКСШЫЛАРЫ АУДАН НАМЫСЫН АБЫРОЙМЕН ҚОРҒАДЫ

Түркістан облысында жасөспірімдер арасында 13 спорт түрінен өтетін спартакиада ойындары бастау алды. Ауқымды спорттық дода 01–07 наурыз күндері бокс жарыстарымен басталып, жас былғары қолғап шеберлері өзара мықтыны анықтады.

Жарысқа облыс көлеміндегі 53 спорт мектебінің спортшылары қатысып, жоғары деңгейде бақ сынады. Тартысты өткен жекпе-жектер барысында әр команда жеңіске деген жігерін танытып, көрермендерге әсерлі сәттер сыйлады.

Нәтижесінде, 53 спорт мектебі қатысқан бәсекеде Ордабасы аудандық №1 Қажымұқан атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы үздік бестіктің қатарынан көрінді.

Бұл – аудан спортшыларының қажырлы еңбегі мен жүйелі дайындықтың нәтижесі.

Аудан намысын абыроймен қорғаған жас спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!

✊✊

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі