Ардақты Аналар! Аяулы Арулар!

Ардақты Аналар! Аяулы Арулар!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – табиғат түлеп, тіршілік жаңаратын мезгілмен қатар келетін, ізгілік пен мейірімнің, сұлулық пен нәзіктіктің символына айналған ерекше күн. Ана алақанының жылуы мен әйел жүрегінің мейірімі – тіршіліктің шуағы, отбасының берекесі, қоғамның ұйытқысы.

Қазақ халқы қашанда ананы ардақтап, қыз баланы қастерлеген. «Ана – өмірдің шуағы» деп ардақтаған ұлтымыз үшін әйел заты – тек отбасының тірегі ғана емес, ел дамуына үлес қосып жүрген қажырлы еңбек иесі. Бүгінде ауданымыздың білім, денсаулық сақтау, мәдениет, кәсіпкерлік және мемлекеттік қызмет салаларында абыройлы еңбек етіп жүрген нәзік жандыларымыздың еңбегі зор құрметке лайық.

Сіздер – бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аяулы аналарсыздар. Сіздердің сабырларыңыз бен парасаттарыңыз, жанашырлық пен жауапкершілікке толы жүректеріңіз – қоғамымыздың рухани тірегі.

Осы мерекелі күні баршаңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Көктемдей құлпырып, жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден жылулық кетпесін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ізгі ниетпен:
Азат ОРАЛБАЕВ
Ордабасы ауданының әкімі