
⚜️Бүгін Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан әкімі Азат Оралбаев ардақты аналардың шаңырағына арнайы барып, мерекелік құттықтауын жеткізді.
⚜️Аудан басшысы алдымен Кеңес Одағының Батыры Қарсыбай Спатаевтың қызы, батыр ана Нағима Қарсыбайқызын құттықтады. 85 жастағы ардақты ана 4 ұл, 7 қыз тәрбиелеп өсірген. Бүгінде үлкен әулеттің ұйытқысына айналған Нағима Қарсыбайқызы 35 немере, 26 шөбере сүйіп отырған бақытты әже.
Кездесу барысында аудан басшысы ел тарихында өшпес із қалдырған даңқты батырдың ұрпағы, көпбалалы ана ретінде қоғамда айрықша орны бар Нағима Қарсыбайқызына көрсетіліп отырған құрмет – елдің өткенге деген тағзымы мен болашаққа деген сенімінің айқын көрінісі екенін атап өтті. Батыр ананың өмір жолы мен өнегелі еңбегі өскелең ұрпақ үшін әрдайым үлгі екені айтылды.
⚜️Сондай-ақ аудан әкімі Темірлан ауылында тұратын ақ жаулықты аналар – Қырықбай Мейірхан және Пашаева Ферузатты да мерекемен құттықтады.
Қырықбай Мейірхан апамыз – 86 жаста. Ол өмір жолында 5 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Бүгінде 39 немере, 41 шөбере сүйіп отырған көпті көрген, өнегелі әже.
Ал Пашаева Феруза әжеміз – 79 жаста.
⚜️Кездесу барысында аудан әкімі аналарға ізгі тілегін арнап, елдің амандығы мен ұрпақтың бақыты үшін атқарған еңбектеріне алғыс білдірді. Мереке құрметіне гүл шоқтары мен арнайы сый-сияпаттар табысталды.
⚜️Ақ жаулықты аналар да өз кезегінде көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, ел бірлігі мен амандығына ақ баталарын берді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі