КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІНДЕГІ ҚҰРМЕТ: АУДАН ӘКІМІ АРНАЙЫ БАРЫП НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ 8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІНДЕГІ ҚҰРМЕТ: АУДАН ӘКІМІ АРНАЙЫ БАРЫП НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ 8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

🌷Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан әкімі Азат Оралбаев ауыл округтерін арнайы аралап, тұрғындарды мерекемен құттықтады.
🌷Мерекелік кездесулер Төрткүл, Қарақұм, Жеңіс, Бөген және Қараспан ауыл округтерінде өтіп, салтанатты жиындарға ұласты. Аудан басшысы әр округтегі басқосуларда жүрекжарды лебізін білдірді.
– Сіздер – қоғамдағы ізгіліктің, жауапкершілік пен парасаттың үлгісісіздер. Еңбектеріңізбен ауданымыздың дамуына сүбелі үлес қосып келесіздер. Әр шаңырақтың берекесі мен татулығы, тіршіліктің үйлесімі сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен ақ ниеттеріңіздің арқасында нығая түседі. Баршаңызға мықты денсаулық, толайым табыс және отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.
🌷Салтанатты жиын барысында мерекелік концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, аяулы аналарымызға көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
🌷Іс-шаралар ауылдық мәдениет үйлері мен білім беру мекемелерінде өтті. Әр округте мерекелік жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындарға ерекше құрмет көрсетілді.
🌷8 наурыз – сұлулық пен ізеттіліктің, мейірім мен парасаттың мерекесі. Аудан көлемінде өткен бұл кездесулер қоғамдағы бірлік пен сыйластықтың айқын көрінісіне айналды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі