
Ардақты ағайын!
Баршаңызды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Алғыс айту – жақсылықты бағалау, еңбекті құрметтеу, бір-бірімізге деген қамқорлық пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. Мәдениет пен парасаттың биік деңгейі.
Осындай ізгі құндылықтар арқылы ауданымызда түрлі сала қызметкерлері – ұстаздар мен дәрігерлер, шаруалар мен кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер мен жұмысшы мамандар – ел игілігі жолында тынбай еңбек етіп келеді. Сіздердің адал еңбектеріңіздің нәтижесінде ауданымыз дамып, тұрғындардың әл-ауқаты артып отыр.
Осынау жетістіктеріміздің тағы бір берік тірегі – ауданымызда мекендейтін түрлі этнос өкілдерінің өзара татулығы мен түсіністігі. Ортақ мақсат жолында топтасқан жұрттың ынтымағы – біздің басты байлығымыз әрі тұрақтылығымыздың кепілі.
Ал осы бірліктің рухани негізі – ақсақалдардың батасы мен аналардың ақ тілегі. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз – берекеміздің бастауы.
Осы ізгі мереке аясында баршаңызға шынайы алғысымды, үлкен ризашылығымды білдіремін.
Бірлігіміз бекем, татулығымыз тұғырлы болсын.
Әр шаңыраққа амандық, молшылық пен құт-береке тілеймін.
Ізгі тілекпен:
Ордабасы ауданының әкімі
Азат ОРАЛБАЕВ