
Бүгін ауданымызға қарасты Ынталы ауылында ел күткен маңызды спорт нысаны – жабық қаңқалы спорт алаңшасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, облыстық мәслихат депутаттары Дулат Әбіш, Ғани Райымбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары, спорт ардагерлері мен жанкүйерлері қатысты.