Бүгін аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының отырысы өтті. Фракция отырысына аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық партия филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Әлиасқар Бердімұрат, фракция мүшелері, тиісті дербес бөлім және мекеме басшылары, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Фракция мәжілісін «AMANAT» партиясының Ордабасы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясы жетекшісі Ә.Бердімұрат ашып, жүргізді. Фракция отырысының күн тәртібінде:
1. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен бекітілген «AMANAT» партиясының Ордабасы ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының 2025 жылдың 11 айында орындалуы туралы аудан әкімінің есебі;
2. «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау және бекіту.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімі Азат Оралбаев баяндама жасады, ал екінші мәселеде «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Отырыс қорытындысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша фракция мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныстар мен сұрақтар қойылып, олардың орындалуы бақылауға алынды, сонымен қатар «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары қаулымен бекітілді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі