
Бүгін Ордабасы ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысы өтті. Мәжіліске комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары И.Тұрнияз төрағалық етті. Отырыс барысында Бадам ауыл округінің әкімі Н.Байбахов пен Қажымұхан ауыл округінің әкімі Б.Нұрпейісов атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Комиссия мүшелері тарапынан алдағы уақытта атқарылатын міндеттер межеленіп, бірқатар бағыттар пысықталды.