ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ЕСКЕ АЛУ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ЕСКЕ АЛУ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Ордабасы ауданында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының куәгерлері мен қатысушыларының қатысуымен Желтоқсан оқиғасының Еске алу ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары И.Тұрнияз және аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Жәкей сөз сөйлеп, жиналған қауымды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Олар тәуелсіздік жолында жанқиярлықпен күрескен азаматтардың ерлігі мен ел бірлігінің маңызын атап өтті. Сонымен қатар, Желтоқсан оқиғасының куәгері Берік Қожақ сол бір тарихи кезеңнің ел жадында мәңгі сақталуы керектігін жеткізді.
Іс-шара аясында Желтоқсан оқиғасы кезінде қаза тапқан құрбандардың рухына бір минут үнсіздік жарияланып, Еске алу ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Желтоқсан оқиғасы — халқымыздың азаттыққа деген ұмтылысының символы, ал оның қаһармандарының ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталады.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі