Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Бұл күн — еркіндік пен егемендіктің символына айналған, халқымыздың ынтымағы мен тұтастығын айқындайтын мереке.
Тәуелсіздік жылдарында еліміздің барлық өңірлері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуына өзінің лайықты үлесін қосты.
Біздің киелі мекеніміз Ордабасы ауданы да ежелден бірлік пен берекенің бастауы екенін дәлелдеп келеді.
Егемен еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп,Қазақстанымыз
бейбітшіліктің, тұрақтылық пен келісімнің, даму мен өркендеудің жарқын үлгісі бола берсін.
Тәуелсіздігіміз нығайып, мемлекетіміздің беделі арта берсін.
Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс тілеймін.
Әр шаңыраққа амандық,
елімізге жарқын болашақ тілеймін!
Ордабасы ауданының әкімі,
Азат ОРАЛБАЕВ