
Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен маңызды екі бағытты қамтитын — күзгі әскерге шақыру науқаны мен күзгі тал егу жұмыстарының орындалуына арналған кеңейтілген жұмыс жиыны өтті. Басқосуға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, тиісті бөлім басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты.