Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ордабасы ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және ақпараттық қауіпсіздік бөлімі тарапынан “Амангелді Иманов”атындағы білім бөлімінің жалпы білім беретін мектебіне қоғамдық бақылау жүргізілді.
Бақылау барысында мектепке дейінгі ұйымдарға және балаларды қабылдауға арналған құжаттар тізбесі мен өтініш үлгісі бейнеленген ақпараттық стендтердің жай-күйі, білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру барысы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдайлардың (пандус, автотұрақ) қамтамасыз етілуі тексерілді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі