АУДАНДА АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

АУДАНДА АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға әкім орынбасарлары, бөлім басшылары мен ауыл округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде: бюджет қаржысының атқарылуы, күзгі тал егу және абаттандыру жұмыстары, сондай-ақ ауыл округтеріндегі өткен есептік кездесулерде көтерілген мәселелер қаралды.
Аудан әкімі жиында қаржыны тиімді жұмсауға, жасыл желекті күтіп баптау жолдары, көшелер мен саябақтарды абаттандыру, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ерекше назар аударуды тапсырды.
Аппараттық мәжіліс қорытындысында ауыл округ әкімдеріне есепті кездесуде көтерілген өзекті мәселелер бойынша орындалу іс-жоспарын түзуді және маңыздылығына қарай шешіп, тұрғындармен тығыз байланыста болу міндеті жүктелді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі