✔️АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕР ЖӘНЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

✔️АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕР ЖӘНЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев «Темірлан» саябағында өткен тал егу шарасынан кейін ардагерлер және зиялы қауым өкілдерімен бірге Темірлан елді мекеніндегі бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды.
Аралау барысында алдымен Қажымұқан көшесінде жаңадан салынған балалар ойын алаңшасын көрді. Заманауи стандарттарға сай салынған бұл нысан балалардың қауіпсіз ойын ойнауына мүмкіндік береді. Алаңшада резеңке жабын төселіп, ойын элементтері, жарықтандыру жүйесі және демалыс аймақтары орнатылған. Жобаның толық іске асуы нәтижесінде аталған аумақ елді мекендегі негізгі балалар демалыс орнына айналып келеді.
Сапар Самал мөлтек ауданында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысумен жалғасты. Құрылыс алаңында инженерлік инфрақұрылым тарту, құрылыс материалдарының сапасы және мердігердің жұмыс қарқыны талқыланды. Сонымен қатар тұрғын үйлердің алдына салынып жатқан жаңа аллея жобасы таныстырылды. Аллея тұрғындардың серуендеуіне ыңғайлы ортаны қамтамасыз ететін демалыс аймағы ретінде жоспарланған. Жоба аясында жаяу жүргінші жолдары, жарық шамдары, көгалдандыру жұмыстары және отыратын орындар қарастырылған.
Аудан әкімі Азат Оралбаев атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтіп, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдерінің пікірлерін тыңдады. Олар өз ұсыныстарын айтып, жаңа нысандардың сапалы әрі тиімді пайдалануға берілуінің маңызын жеткізді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі