ӘДЕП НОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

ӘДЕП НОРМАЛАРЫ  ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ
✔️Бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы Жұманалы Кадиевтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын сақтау бойынша жиын өтті.
✔️Жиынға аппарат қызметкерлері, ауыл округінің әкімдері және өзге де мемлекеттік мекеме қызметшілері қатысты .
✔️Жұманалы Кадиев қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларының маңыздылығын жан-жақты түсіндіріп, нақты талаптар мен практикалық мысалдарды ұсынды. Жиын барысында қызметкерлердің құқықтық жауапкершілігі, ашықтық және есептілік қағидалары талқыланды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі