Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы мен қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауыл округтерінің әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.
Аппараттық мәжілісте бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Күн тәртібіндегі негізгі бағыттар бойынша салалық бөлімдер мен ауыл округтерінің есептері тыңдалып, алдағы міндеттер нақтыланды.
Жиында алдымен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері қаралып, аудан басшысы барлық негізгі индикаторлар мен бюджет және кіріс жоспарының орындалуына ерекше назар аударды. Әрбір бөлім басшысына жоспарлы көрсеткіштерді уақытылы әрі сапалы орындау қажеттігін ескертті.
Сонымен қатар, бұған дейін берілген ұсыныс-пікірлердің орындалуы бойынша есептер тыңдалды. Жауапты бөлімдерге шешімін таппай тұрған мәселелерді жеделдетіп аяқтау тапсырылды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе – электр жүйесінің қазіргі жағдайы. Бұл тұрғыда әр ауылдағы электр мәселелері жеке-жеке талқыланды. Аудан әкімі тұтынушыларға сапалы әрі үздіксіз электр қуатын жеткізу – жауапты мекеме мен сала басшыларының тікелей міндеті екенін атап өтіп, ағымдағы жұмыстарды тиімді жүргізіп, ақауларды жедел қалпына келтіру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Келесі кезекте күзгі тал егу жұмыстары жан-жақты сараланды. Аудан әкімі әр түп ағаштың сапалы отырғызылуын, суарылуын және күтімі бақылауда болу керектігін атап өтіп, ауыл округтеріндегі нақты егу көрсеткіштері бойынша есеп алды.
Қосымша ретінде күн тәртібінен түспейтін әскерге шақыру науқаны, қоғамдық ахуал, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін салалардағы тәртіп пен жауапкершілік деңгейі қаралды. Аудан басшысы барлық бөлім мен сала жетекшілерінен әр жұмысқа мұқият, жауапты қарауды талап етті.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі