
Сенбілік барысында қоқыс жинау, шөп шабу, аяқжолдарды, жалпы аумақты тазарту жұмыстары атқарылды. Жалпы саны 10 арнайы техника жұмылдырылып, 5 шақырым көше бойындағы қураған шөптер шабылып, арнайы орындарға шығарылды. Көшелер мен аумақтар қоқыстардан толық тазартылды. Су жүретін арық-атыздардың су өткізу қабілеті қалпына келтірілді.