ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҚОСЫМША САЙЛАУ ӨТУДЕ

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҚОСЫМША САЙЛАУ ӨТУДЕ
Бүгін 2025 жылғы 26 қазанда Түркістан облысы Ордабасы ауданында №18 сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына қосымша сайлау өтуде.
Аталған округ бойынша барлығы 3417 сайлаушы дауыс беруге құқылы. Сайлауды өткізу үшін 2 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.
Дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.
Сайлау барысы заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, сайлаушыларға өз таңдауларын жасауға барлық жағдай жасалған.