🇰🇿 Құрметті аудан тұрғындары!

🇰🇿 Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – халқымыздың мемлекет болып қалыптасу жолындағы тарихи белесі, тәуелсіздікке деген ұмтылысының айғағы. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация егемен еліміздің жаңа дәуірін бастап берді.

Бүгінде Қазақстан – саяси тұрақтылығы мен экономикалық дамуы үйлесім тапқан, әлемдік қауымдастықта өз орнын айқындаған мемлекет.
Ордабасы ауданы да ел дамуына өзіндік үлес қосып, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін арттырып келеді. Барша жетістік – тұрғындардың бірлігі мен еңбегінің нәтижесі.

Қадірлі жерлестер!
Осы мерейлі күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз баянды болсын!

Мереке құтты болсын!

Ордабасы ауданының әкімі
Азат Оралбаев