РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
25 қазан – Республика күніне орай Қарауылтөбеде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, көк байрақ салтанатты түрде желбіреді.
Салтанатты жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, облыстық мәслихат депутаты, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауданның құрметті азаматтары, жастар мен тұрғындар қатысты.
Аудан әкімі Азат Оралбаев өз құттықтау сөзінде Республика күні – халқымыздың сан ғасырлық арманы орындалған тарихи күн екенін атап өтті.
– 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған Декларация еліміздің егемендікке жасаған алғашқы нақты қадамы болды. Бүгінде біз әлемге тәуелсіз, бейбіт және дамушы мемлекет ретінде танылдық. Бұл – бірлік пен парасаттың жеңісі, – деді аудан басшысы.
Салтанатты шара барысында аудан өнерпаздары ел рухын көтерген патриоттық әндер орындады.
🇰🇿Мемлекеттік ту – елдіктің белгісі, тәуелсіздіктің нышаны, азаттықтың айбары.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі