🔹ОРДАЛЫ ОРДАДА «НӘТИЖЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ

🔹ОРДАЛЫ ОРДАДА «НӘТИЖЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ
🔹 Ордабасы ауданының орталығында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беруді мақсат еткен «Нәтижелер жәрмеңкесі» атты ауқымды іс-шара өтті. Шара аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылып, оған аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, мәслихат депутаты, “Amanat” партиясының мүшесі Талғат Жанысбаев, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, жұмыс берушілер мен тұрғындар қатысты.
🔹Жәрмеңкенің басты мақсаты – халықты тұрақты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу және кәсіпкерлік белсенділікті арттыру арқылы аудан экономикасын өркендету болып табылады.
🔹Бұл бастама «Еңбек нарығын арттырудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» және «Жұмысшылар жылы» аясында жүзеге асырылуда.
🔹Іс-шара барысында ауданның еңбек нарығындағы нақты жетістіктер мен көрсеткіштер таныстырылды:
➖Өңірлік жұмыспен қамту картасы негізінде 2025 жылы 7484 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған;
➖Биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 7218 жаңа жұмыс орны құрылды;
➖1541 азамат субсидияланған жұмыс орындарына орналастырылды;
Ал «10 мың тұрғынға – 100 жаңа жұмыс орны» бастамасы аясында 2030 жұмыс орны тіркелді.
🔹Жиында аудан басшысы сөз сөйлеп, жұмыспен қамту мен еңбек нарығын дамыту елдің тұрақты өсіміне негіз болатынын атап өтті.
– Жұмыспен қамту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының өзегі. Әрбір азаматтың еңбегі мен табысы – ауданның, облыстың және жалпы елдің тұрақты дамуының кепілі. Еңбек адамын қолдау, жұмыс орындарын көбейту – біздің басты міндетіміз, – деді.
🔹Шара барысында өңірдің өркендеуіне үлес қосып, кәсіпкерлік пен еңбек саласында жоғары белсенділік танытқан азаматтарға алғыс хаттар табыс етілді.
🔹Жәрмеңке соңында қатысушылар бос жұмыс орындарымен танысып, еңбек және кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы мемлекеттік қолдау тетіктері жөнінде кеңес алды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі