🌿 РУХАНИ КЕЛІСІМ – БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚТЫҢ ТІРЕГІ 🌿

🌿 РУХАНИ КЕЛІСІМ – БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚТЫҢ ТІРЕГІ 🌿
18 қазан – Рухани келісім күніне орай Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Жастар сарайында мешіт имамдарымен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – қоғамдағы бейбітшілік пен татулықты, рухани келісім мен өзара сыйластықты дәріптеу.
Кездесу барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысхах имамдарды атаулы мерекемен құттықтап, рухани тұрақтылық пен келісімді нығайту жолындағы еңбектері үшін аудан әкімінің Алғыс хаттары мен сый-сияпаттарын табыстады.
🔹 Бірлік пен келісім – ел дамуының, татулық пен тұрақтылықтың кепілі.
Ордабасы өңірінде рухани келісім мен өзара түсіністік салтанат құра берсін!