АУДАНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АУДАНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Ордабасы ауданы әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті мәжілісі өтті.
Мәжіліске аудан әкімі Азат Оралбаев төрағалық етті.
Күн тәртібінде: алаяқтық қылмыстардың профилактикасы, табиғатты қорғау және браконьерлік құқықбұзушылықтардың алдын алу, интернет кеңістігіндегі алаяқтық әрекеттермен күрес сынды өзекті мәселелер қаралды.
Жиын барысында аудандық полиция бөлімінің бастығы Нүркен Сарыпбеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысхах, Шұбарсу ауыл округінің әкімі Әнуар Тұрсынбаев баяндама жасап, аталған бағыттар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен проблемалық тұстарды атап өтті.
Талқылау қорытындысында аудан әкімі, комиссия төрағасы Азат Әбдіғалиұлы тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы шараларды күшейтуді тапсырды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі