АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ  СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін аудандық мәслихатының кезекті 36-сессиясы өтті.
Жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков және аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары және тиісті мекеме өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – аудан әкіміне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалу барысы болды. Аудан басшысы баяндамасында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, төмендегі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады:
🚧 Жол жөндеу жұмыстары – аудандық және ауылішілік жолдарды жақсарту;
🚰 Ауыз су – елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту жобалары;
🏗 Инфрақұрылым – электр, газ және инженерлік-коммуникациялық жүйелерді дамыту;
🏠 Тұрғын үй – халықты баспанамен қамту, жаңа үйлерді пайдалануға беру;
👷 Жұмыссыздықты азайту – жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті қолдау.
Сонымен қатар, сессияда өзге де маңызды мәселелер қаралды:
2️⃣ Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің есебі;
3️⃣ Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебі;
4️⃣ Түркістан облыстық білім басқармасының Ордабасы аудандық білім бөлімінің есебі.
Депутаттар баяндамаларды талқылап, сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Аудан әкімі барлық сұрақтарға нақты жауап беріп, барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданатынын айтты.
Ордабасы ауданы әкімінің баспсөз қызметі