Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев ауданның бірқатар белсенді азаматтарымен кездесу өткізді. Жиын тұрғындар үшін маңызды мәселелерді талқылауға арналды.
Кездесу барысында азаматтар өз аумақтарындағы бірқатар өзекті жайларды ортаға салды. Атап айтқанда, жер телімдерінің бөлінуі, ауызсу мәселесі, ауылішілік жолдардың жағдайы, көше және жол белгілері мен жасанды кедергілердің орнатылуы, электр қуатының тұрақсыздығы мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бейнебақылау камераларын орнату қажеттілігі жөнінде де ұсыныстар айтылды.
Бұдан бөлек, тұрғындар елді мекендерде тал егу жұмыстарын күшейту және қоқыс полигонын реттеу мәселелерін де назарға ұсынды.
Аудан әкімі әрбір ұсынысты мұқият тыңдап, олардың шешілу жолдары кезең-кезеңімен қарастырылатынын атап өтті. Жауапты қызметкерлерге айтылған мәселелерді нақты назарға алып, тиісті жоспарға енгізуді тапсырды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі