Жеке қабылдауға Темірлан ауылының тұрғыны, зейнеткер Біржанов Әбілқасым келіп, өзекті мәселелерінің бірі – 18 жыл бойы кезекте тұрған жер теліміне қатысты шағымын жеткізді.
Тұрғынның айтуынша, ол ұзақ уақыттан бері жер алу үшін кезекте тұрғанымен, мәселе осы күнге дейін шешімін таппаған. Біржанов Әбілқасым аталған проблеманың оңтайлы шешілуіне ықпал ету мақсатында көмек сұрады.
Аудан әкімі аппаратының басшысы мәселені мұқият тыңдап, оның өзектілігін ескере отырып, заң аясында қаралып, тиісті шешім қабылдануын қамтамасыз ету үшін жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, мәселенің шешілу барысы өз бақылауында болатынын жеткізді.