МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Қыс мезгілі жақындаған сайын аудан көлеміндегі әлеуметтік нысандардың жылыту жүйесі жіті назарға алынуда.
Осы орайда аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Нуриддин Асанбаев нысандарды аралап, қазіргі жағдайымен танысты.
Олар жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар беріп, қысқы маусымда мәдениет үйлерінің тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті шараларды уақтылы жүзеге асыруды міндеттеді.
Атап айтсақ, Қызылжар, Қарақұм, Жеңіс және Берген ауылдарындағы мәдениет үйлеріне арнайы орнатылған жаңа жылу қазандықтары толықтай тексерістен өтті.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі