☑️АУДАНДА КЕШЕНДІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ШАРАСЫ ӨТУДЕ

☑️АУДАНДА КЕШЕНДІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ШАРАСЫ ӨТУДЕ
☑️Ауданда аумақтық деңгейдегі кешенді оқу-жаттығу өтуде. Шараны Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастыруда.
☑️Оқу-жаттығудың алғашқы күні азаматтық құрылымдардың басшыларынан кіріспе тест алынып, оқу-әдістемелік іс-шаралар жүргізілді. Сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мақсатында аудандық жедел ден қою жасағының дайындығы орталық алаңда тексерілді.
☑️Оқу-жаттығу жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасуда.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі