ЖАҢА САЯБАҚ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ЖАҢА САЯБАҚ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ
Ауданымызда тұрғындар салауаттылығын арттыру жалғасуда!
Темірлан ауылында көптен күткен қуанышты оқиға болды. Конституция күні қарсаңында жаңа заманауи саябақ есігін айқара ашты. Бұл бастама ауыл тұрғындарының демалыс және спортпен шұғылдану мүмкіндігін арттыру бағытындағы тағы бір маңызды қадам болып отыр.
Бұған дейін бұл аумақта Темірлан жалпы орта мектебі, кейіннен №1 Қажымұқан атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі орналасқан болатын. Жер көлемінің үлкендігі ескеріліп, жергілікті тұрғындар бұл аумақты абаттандыруды ұсынған. 2024 жылдың басында нысан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан аудандық коммуналдық меншікке беріліп, жүйелі жұмыстар бастау алды.
Аудан әкімінің бастамасы және мәслихат депутаттарының қолдауымен құрылыс 2024 жылдың қазан айында басталған еді. Нәтижесінде бүгін заманауи талаптарға сай жаңа саябақ ел игілігіне беріліп отыр.
Саябақ аумағында жабық қаңқалы футбол алаңы, ашық баскетбол және волейбол алаңдары, стрит воркаут аймағы, балалар ойын алаңшасы, шахмат үстелдері және автосуарумен қамтылған жасыл аймақтар бар. Бұл – тек демалыс орны ғана емес, салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын, көпшілікке ортақ кеңістік.
Салтанатты ашылу шарасына аудан әкімі Азат Оралбаев, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты. Өз сөзінде аудан басшысы: «Ауыл тұрғындарының жайлы өмір сүруіне жағдай жасау – басты бағыт. Мұндай игілікті істер алдағы уақытта да жалғаса береді» – деді.
Жаңа саябақ – ауыл ажарын айшықтап, елдің қуанышын еселеген ерекше нысан!
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі