ӘЙГІЛІ «ШЫМКЕНТ ШОУ» АУДАНЫМЫЗДА КОНЦЕРТ ӨТКІЗДІ

ӘЙГІЛІ «ШЫМКЕНТ ШОУ» АУДАНЫМЫЗДА КОНЦЕРТ ӨТКІЗДІ
Бүгін ауданымызда "Туған елге тағзым" айдары аясында Шымкент шоу театрының өнер ұжымы тұрғындарға арнап концерт қойды..
Концерт аудандық мәдениет үйінде өтті. Зал көрерменге лық толы болды – үлкен де, кіші де бұл кешті асыға күткені байқалды. Шымкент шоу театрының әртістері көрермендерге ән шырқап, әзіл-оспақпен көрермен көңілін көтерді.
Әрбір қойылым мен ән терең мазмұнға толы болды. Көрермендер әр нөмірден кейін қошемет көрсетіп, ризашылықтарын білдіріп отырды.
Аудан әкімдігі мен мәдениет бөлімі аталмыш шараны ұйымдастыруға ұйытқы болып, халық пен өнер ұжымының арасында байланыс орнатуға үлкен үлес қосты. Бұл кеш аудан тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлап қана қоймай, мәдени рухымызды көтерген тағылымды шара болды.
Ордабасы аудананы әкімінің баспасөз қызметі