Ауданымызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғанына 30 жыл толуына орай "Конституция – халық даналығының өлшемі, елдіктің келбеті" атты конференция ұйымдастырылды. Елдіктің негізін айқындайтын, Тәуелсіздігіміздің тұғыры саналатын Ата Заңымыздың мерейлі мерекесіне арналған бұл жиын мазмұны терең, еркін пікір алмасу алаңына айналды.
Конференцияның модератор ретінде – аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз жүргізді. Әкім орынбасары қатысушыларды мерекемен құттықтап, Конституцияның ел дамуындағы маңызын атап өтті.
Шара барысында аудандық "Әкелер мектебінің" төрағасы Лесбек Жүсіп, аудан прокуроры Ердоc Әліпбай, зиялы қауым өкілдері Болатхан Сағынбек пен Құрмаш Жылқыбай және тарихшы Батырхан Тұрғынов сөз сөйлеп, Конституцияның тарихи рөлі мен қазіргі қоғамдағы орны туралы ойларымен бөлісті.
Жиын еркін форматта өтті. Қатысушылар өзара пікір алмасып, Ата Заңымыздың жастар тәрбиесі, құқықтық сана, ел бірлігі мен тұрақтылықты сақтау жолындағы рөлі туралы өз көзқарастарын ортаға салды.
Бұл басқосу – тек мерейтойлық іс-шара ғана емес, азаматтық сана мен құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған маңызды диалог алаңы болды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі