ДЕПУТАТ ЖАҢА НЫСАНМЕН ТАНЫСТЫ

ДЕПУТАТ ЖАҢА НЫСАНМЕН ТАНЫСТЫ
Ауданымызға жұмыс сапарымен Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш келді. Халық қалаулысына аудан әкімі Азат Оралбаев аудан орталығы Темірлан елдімекенінде бой көтеріп жатқан, құрылысы аяқталуға бірер күн қалған жабық қаңқалы брезентті спорт алаңшасы мен аллеяны таныстырды. Бұл жоба тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін маңызды нысан ретінде қарастырылып отыр.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі